Жарқайың аудандық мәслихатының (7-ші шақырылған 1 сессиясы)
Ш Е Ш I М I
Державин қаласы № 7С-1/1 2021 жылғы 15 қаңтар
Аудандық мәслихаттың
жетінші шақырылған бірінші
сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылған бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- Ауданның аймақтық сайлау комиссиясының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарламасы. Хабарламашы:Ж.Х.Рамазанова-Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.
- «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын аудандық мәслихатта тіркеу туралы.
- Аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттілігі аяқталуына байланысты Ұ. А. Ахметованы аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымынан босату туралы.
- Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының хатшысын сайлау туралы.
- Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының тұрақты комиссияларының құрылу туралы.
- Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамын және төрағасын сайлау туралы.
- Бюджеттік саясат және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамын және төрағасын сайлау туралы.
- «Жарқайың ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы». Баяндамашы: Б.А. Ахметова – «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына қарауға енгізілген негізгі мәселе туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Қ. Байжұманова