Жарқайың аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы туралы хабарлама

Жарқайың аудандық мәслихатының VII шақырылым

депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы туралы

хабарлама

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округі аумағы бойынша Жарқайың аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 10803 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетендерін алғаны 8926 адам немесе 82,63 %.

Дауыс беруге қатысқаны 8602 адам, оның ішінде есептен шығару куәліктерімен сайлаушы 31, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергені 260  сайлаушы.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Дауыс беру барысында саяси партияларға келесі дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясына - 7487 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан 87,04% сайлаушылар дауысы;

 «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына - 865 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан 10,06% сайлаушылар дауысы.

 «ADAL» саяси партиясы - 250 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан 2.9% сайлаушылар дауысы.

         Жеті және одан көп процент алған саяси партияларға берілген сайлаушылар дауыстарының жиынтығы таратылатын депутаттық мандаттар келесідей белгіленді:

«Nur Otan» партиясына – 9 мандат;

Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 1 мандат.

 

 

Жарқайың аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

                                                                                                                   

                 

Дата публикации
12 января 2021