2021 жылға арналған жұмыс жоспары

Жарқайың аудандық мәслихатың (6 – шы шақырылған кезекті 66 сессиясы)

Ш Е Ш І М І

Державин қаласы         № 6С –66/4              2020 жылғы 24 желтоқсан

Аудандық мәслихаттың

2021 жылға арналған жұмыс

жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және мәслихаттың Регламентіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін (қоса беріледі).

 

 Аудандық мәслихат

 сессиясының төрағасы                                                            Қ. Байжұманова

 Аудандық мәслихаттың

 хатшысы                                                                                    Ұ. Ахметова

 

Аудандық мәслихаттың

2020 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 6С-66/4 шешімімен

бекітілді

Аудандық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс

 ЖОСПАРЫ

Аудандық мәслихат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, үкіметтің өкілдік органдарының жұмысын реттейтін басқа да заң шығаратын актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың басты мақсаты ауданның сайлаушылары мен барлық тұрғындарының еріктерінің жалпы мемлекеттік мүдделерін қоса алғанда еркін айта алуы, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда айтылғандар негізде аудандық мәслихат төмендегідей бағытталған шараларды іске асыруға шоғырландырады:

- Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру - "Nur Otan" партиясының депутаттық корпусына сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құрылымдық қайта құрылулардың орындалуын заңнамалық қамтамасыз ету;

- осы Жолдауды жүзеге асыруға белсенді қатысуға, бағдарламалық тапсырмаларды орындауға халықты жұмылдыру, ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын жүзеге асыру, үдемелі индустриялдық инновациялық даму экономикасын енгізу, бюджеттің кіріс бөлігін өсіру, бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды тиімді бақылауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту, халықты жұмыспен қамту;

- халықтың аз қамтамтылған топтарын қорғауға көңіл бөлу, әлеуметтік саланы дамыту;

- қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану;

- ауданда заңдылық пен құқық тәртібін күшейту;

- сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту;

- әртүрлі ұлт өкілдері, діни наным мен сенімдер адамдардың арасында ұлтаралық татулық, бірлік және бейбітшілікті нығайту;

- аудандық мәслихаттың күнделікті қызметіндегі демократиялық принциптерді сақтау, депутаттардың, тұрақты комиссиялардың, аудандық мәслихат аппаратының жұмыстарының сапасын көтеру.

Осы мақсатта 2021 жылы төмендегідей мәселелерді қарау жоспарланады:

Аудандық мәслихаттың сессияларында:

№

Мәселенің атауы

Хабарламашы

1

Державинск қаласы әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауы туралы есебі туралы

Державин қаласының әкімі

2

2020 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы

2.1

2020 жылғы Жарқайың ауданының Державин қаласы, ауылдық округтері және ауылдары бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы

3

 Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы есебі

Жарқайың ауданының әкімі

3.1

Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6С-51/2 «Жарқайың ауданындағы жер қорының пайдалану жағдайы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы

руководитель ГУ «Отдел сельского хозяйства»

4

 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы

4.1

2022-2024 жылдарға арналған Жарқайың ауданының Державин қаласы, ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттері туралы

Державин қаласының әкімі

  1. Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында

Халыққа ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйым

дастыру бойынша Жарқайың ауданының орталық кітапхана жүйесінің жұмысы туралы.

 Хабарламашы: Жарқайың ауданының кітапхана жүйесінің директоры

Жарқайың ауданының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің қызметін жетілдірудің жай-күйі мен шаралары туралы.

Хабарламашы: Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

Уәлиханов ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.

Хабарламашы: Уәлиханов ауылдық округінің әкімі

Жарқайың ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жүргізіп жатқан жұмысы туралы.

 Хабарламашы: Жастар ресурстық орталығының басшысы.

бюджеттік саясат және ауданның экономикалық

даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мәжілісінде

  1. Державин қаласы әкімінің сумен қамтамасыз ету, жазғы суару, абаттандыру, қала жолдарын күтіп ұстау және жөндеу мәселелері жөніндегі есебі.

Хабарламашы: Державин қаласының әкімі;

  1. «Жарқайың ауданында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы».

Хабарламашы: «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы

  1. «Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде көше-жол желісін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру және оларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орындалу сапасы туралы»

Хабарламашы: әкімдер

  1. «Коммунсервис» ШЖҚ МКК-ның халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы, коммуналдық қызмет тарифтері және коммуналдық саланың проблемалары туралы»

Хабарламашы: «Коммунсервис» ШЖҚ МКК директоры

  1. Ұйымдастыру іс - шаралары
  1. «Депутат күнін», депутаттар оқуын, «Дөңгелек үстел басында» кездесуін өткізуді ұдайы жүргізу және жетілдіру.
  2. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы сессияны әзірлеу және өткізуге белсенді түрде қатысу, комиссияның каулылары мен аудандық мәслихаттың шешімдерінің орындалуына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асыру.
  3. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен байланысты нығайтуы және қолдауы.

Азаматтардың жиынына белсене қатысуы, сайлау округтерінде кездесулерді үнемі тәжірибе жүргізу.

Аудандық мәслихаттың өткізген жұмыстары туралы, сайлау алдындағы кездесу барысындағы сайлаушылармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау барысы туралы ақпараттандыру.

Қоғамдық ой-пікірлерді және халықтың қажеттілігін зерделеу, жеке сұрақтар бойынша сайлаушылармен үнемі кездесулер өткізу, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп «Депутат күні» қоғамдық қабылдауын кесте бойынша жүргізу. 

  1. Аудандық мәслихаттың веб-сайттарда арнайы айдарлардың тұрақты жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық мәслихат сайтында материалдар жариялау.
  2. Аудандық мәслихат депутаттарымен және мүдделі органдарды шақырып «Дөңгелек үстел» өткізу.
  3. Сайлау округтеріндегі депутаттар жұмысының оңтайлы тәжірибелерін зерттеп және жариялау.
  4. Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру, қайта даярлау институтындағы курстарда жетілдіру.
  5. Аудандық «Целинное знамя», «Жарқайың тынысы» газеттерін, жергілікті телеарна «Сары Арқа» ТВ және радио бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін белсене пайдалану. Аудандық мәслихат сайтының жұмысын белсендіру.
  6. Аудандық мәслихат депутаттарының аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру жиындарына қатысуы.
  7. Депутаттардың тоқсан сайын халықпен кездесуін тәжірибеден өткізу.
  8. Депутаттардың ақпараттар алмасу мақсатында дербес бөлімдердің бастықтарымен ай сайын кездесуін тәжірибеден өткізу.
  9. Аудандық мәслихат депутаттарының өз округтерінің сайлаушылары алдында есеп беруді өткізу.
Дата публикации
12 января 2021