ЖОБА
Жарқайың аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Державин қаласы № 2026 жыл
«Жарқайың аудандық
мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жарқайың аудандық
мәслихатының төрағасы А. Әлжанов
ЖОБА
Жарқайың аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
_______________________
шешімімен
БЕКІТІЛДІ
«Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Державин қаласы
Жарқайың аудандық
мәслихатының
2026 жылғы ____________
№ шешімімен
бекітілген
«Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мәслихат аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері
1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі, шарттар жасасады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады;
барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратады және алады;
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
мемлекеттік қызметшілер атынан өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, регламентке, мәслихат шешімдеріне, мәслихат аппаратының өкімдері мен бұйрықтарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
1) мәслихаттың жұмыс жоспарына және регламентіне сәйкес сессияларды, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру – техникалық жұмыстарды жүзеге асыру;
2) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары барысында атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары атына келіп түскен олардың сауалдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылау;
3) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде айтқан ұсыныстары мен ескертулерін мониторингілеу және қорыту, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
4) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің, қаулылардың жобаларымен және тиісті материалдармен қамтамасыз ету;
5) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде мәслихаттың және тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарларын жасау;
6) тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу, депутаттарға шешімдердің жобаларын, комиссиялардың қаулылары мен мәслихат шешімдерін дайындау мәселелерінде көмек көрсету;
7) сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала талқылауды ұйымдастыру және депутаттарға қорытындылардың, мәслихат шешімдерінің және тұрақты комиссиялар қаулыларының жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету;
8) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, депутаттық бірлестіктері мен өзге де органдарының қызметін үйлестіру;
9) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы есептер дайындау;
10) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын талдау, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;
11) мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың, комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, нормативтік-құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну;
13) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындау және олардың орындалуын бақылау;
14) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын шешімдердің жобаларын, сондай-ақ мәслихаттың басқа да материалдарын мәслихат сайтында орналастыру;
15) мәслихат төрағасының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, олардың өтініштері мен арыздарын қарау;
16) іс қағаздарын жүргізу, мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарын таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, қабылдауды, қарауды және тіркеуді жүзеге асыру;
18) мәслихаттың құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
19) мәслихат аппаратының қызметшілері арасында кадрлық жұмысты ұйымдастыру;
20) Жарқайың ауданы сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және мәслихат регламентімен өзіне жүктелген басқа да функцияларды орындау.
3-тарау. Мәслихат төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппараты басшысын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа жүйелі түрде ақпарат беріп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл етеді;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;
14) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихаттың регламентінде және шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Мәслихаттың төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
4-тарау. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері
Мәслихат аппаратын ҚазақстанРеспубликасыныңқолданыстағызаңнамасынасәйкес қызметке тағайындалатынжәне қызметтен босатылатынмәслихатаппаратыныңбасшысы басқарады.
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
6-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
Мәслихат аппаратының қарамағындағы ұйымдар жоқ.