Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетіден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
2. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сандық құрамын мәслихат айқындайды. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
3. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.