Жангелдин ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал.
Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәслихаттың «Жангелдин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 140 шешімімен сайланған мына төмендегі округтік сайлау комиссияларына (бұдан әрі – округтік комиссия) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) № 1 округтік сайлау комиссиясынан Саматова Ботагоз Еркебаевна шығарылып, Дюсенова Сымбат Олжабаевна комиссия құрамына енгізілсін;
2) № 2 округтік сайлау комиссиясынан Сейдахметов Сабит Балтабаевич шығарылып, Манаш Дархан Абайұлы комиссия құрамына енгізілсін;
3) № 7 округтік сайлау комиссиясынан Махатов Ерік Есланбекұлы шығарылып, Сүндетов Жәнібек Көшербайұлы комиссия құрамына енгізілсін.
Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 51 «Жангелдин ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімімен сайланған мына төмендегі учаскелік сайлау комиссияларына (бұдан әрі – учаскелік комиссия) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) № 289 учаскелік комиссиясынан Садуакасов Кайыржан Конарович шығарылып, Бораншин Самат Сергалиевич комиссия құрамына енгізілсін;
2) № 293 учаскелік комиссиясынан Абдуллин Дастан Амирханович шығарылып, Шоханбаева Гулжанар Тыныштыковна комиссия құрамына енгізілсін;
3) № 311 учаскелік комиссиясынан Жалкенова Дина Оразбековна шығарылып, Серік Ерсұлтан Серікұлы комиссия құрамына енгізілсін.
Осы шешім оған қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
Жангелдин аудандық мәслихатының төрағасы А.Ержигитова
Сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы Жангелдин аудандық мәслихатының хабарламасы
2026 жылғы 1 қазан
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Конституциялық заң) Жангелдин аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссиясы құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бiрлестiктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және өзгеріс енгізіліп жатқанға қатысты жоғары сайлау комиссиялары 2026 жылдың 07 қазаны сағат 18.00 дейін мәслихатқа мына құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметті;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдары (өкілдік) тиісті сайлау комиссиялары құрамына кандидатураларды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясы шешімінен үзіндіні;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдікті) тіркеу туралы құжат көшірмесін;
4) Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша тиісті сайлау комиссиялары жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштері.
Өтініш
Анықтама телефоны: 21-7-40. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 4, 41 каб.
Бүгін Жангелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі Бидашев Д.С.
Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қосабаев Ш.
Жангелдин аудандық мәслихатының төрағасы Ержигитова А.М.
Аудандық мәслихат депутаттары,ауыл әкімдері,аудандық мекемелер мен ұйымдардын басшылары қатысты.Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Біржікенов Е.А «Жангелдин ауданының 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» және «2025 жылға арналған Жангелдин ауданы ауылдары мен ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы» мәселелер бойынша білдірме жасады.
2.Сондай – ақ ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Саматова Б.Е 2025 жылы және 2026 жылдың осы уақыт аралығында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, жан – жақты талқыланды.
Ұсынылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер бекітілді.
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 18 мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жангелдин аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезекті сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде басты мәселелер:
Жангелдин ауданының 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы;
2025 жылға арналған Жангелдин ауданы ауылдары мен ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы;
Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімінің 2025 жылы және 2026 жылдың осы уақыт аралығында атқарған жұмыстары туралы мәселелер қаралады.
Күн тәртібінде бекітілген жылдық жоспар бойынша негізгі мәселелер «Жангелдин аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы мәслихат қызметінін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәслихат төрағасы А.М.Ержигитованың, «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы» бөлімі басшысы Ж.А.Шалабайдың және «Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы» бөлім басшысы Р.Б.Ибраевтың есептері тыңдалды.
Сондай – ақ «Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №175 «Жангелдин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімінің ұсынысы негізінде қосымша мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша ауданның эканомика және қаржы бөлімінің басшысы Е.А.Біржікен білдірме жасап, депутаттар тарапынан маңызды сұрақтар қойыла отырып жан – жақты талқыланды.
Сессияда қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер бекітілді.
Ағымдағы жылдың 26 наурызында Жангелдин аудандық мәслихатының көпшілік тыңдаулары өтті. Отырысты Жангелдин аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Елеутов Талап Нағашыбайұлы жүргізді.
Көпшілік тыңдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, Жангелдин ауданы қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Торғай ауылының тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын бәсекелестік ортаға беру туралы» мәселе қаралды.
Осы мәселе бойынша «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Біржікен Ерлан Амандықұлы баяндама жасады;
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы – Тлеубаев Нұрбек Орынбекұлы ақпарат ұсынды.
Баяндамашылардың ақпаратын тыңдау және егжей-тегжейлі талқылау қорытындысы бойынша және көпшілік тыңдауға қатысушылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, келісілген шешім қабылданды: «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бәсекелес ортаға берілмейді.
Жангелдин аудандық мәслихаты 2026 жылғы 26 наурызда сағат 11.00-де Жангелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру мәселесі бойынша көпшіліктік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды. Жангелдин ауданының барлық тілек білдірген тұрғындары шақырылады. Тіркеу сағат 10.30-да басталады.
Бүгін Жангелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өтті.
Күн тәртібіндедегі негізгі мәселелер бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.А.Біржікенов «Жангелдин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» және «Жангелдин ауданының 2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәселелер бойынша білдірме жасады.
Сондай – ақ Шеген ауылының әкімі А.Бейсенбеков 2025 жылы ауылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, жан – жақты талқыланды.
Ұсынылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер бекітілді.
Сессия соңында Жангелдин аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселе қаралып, депутаттар тарапынан берілген қосымша ұсыныстар негізінде шешім жобасына өзгерістер енгізіліп, шешім қабылданды.
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жангелдин аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезекті сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде: «Жангелдин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәселе қаралады.
Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Жангелдин аудандық мәслихатының хабарламасы
2025 жылғы 24 Желтоқсан
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Конституциялық заң) Жангелдин аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы жөнінде хабарлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссиясы құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бiрлестiктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылып жатқанға қатысты жоғары сайлау комиссиялары 2025 жылдың 26 желтоқсаны сағат 18.00 дейін мәслихатқа мына құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметті электрондық және қағаз түрінде;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдары (өкілдік) тиісті сайлау комиссиялары құрамына кандидатураларды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясы шешімінен үзіндіні;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдікті) тіркеу туралы құжат көшірмесін;
4) Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша тиісті сайлау комиссиялары жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштері.
Анықтама телефоны: 21-7-40. Қостанай облысы,Жангелді ауданы, Торғай ауылы,Ы.Алтынсарин көшесі 4, 41 каб.