GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Депутаттық қызметі
19 октября 2026
Ағымдағы жылдың 27 қазанында жоспарланған көпшілік тыңдау (жария тыңдау) өткізілмейтінін хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша көпшілік (жария) тыңдау өткізу жоспарланған болатын. 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 4) тармақшасы сәйкес Ақүйік ауылдық округі Бірлік ауылында орналасқан (ескі) балабақша ғимаратын және аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі (ескі) өрт сөндіру арнайы көлігін жекешелендіруге байланысты көпшілік (жария) тыңдау өткізу жоспарланған. 

Алайда, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі тоқтады.

       Осыған орай, жоғарыдағы аталған мәселеге байланысты көпшілік тыңдау өткізілмейтіндігі хабарланады.

Мәслихаттың сессиялары
07 октября 2026
Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті 52 сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 7 қазан күні  Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті 52 сессиясының отырысы өткізілді. Сессия отырысына  аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімі, және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

 Сессияның күн тәртібінде:

           1. 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі аудандық жоспардың орындалу барысы туралы;         
           2. 2026-2028 жылдарға арналған  ауданның кенттер мен кейбір ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, мәслихат депутаттары жауапты салаларға бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сессия отырысында тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

 

Тұрақты комиссия
07 октября 2026
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 7 қазан күні аудан мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Тұрақты комиссиялардың отырысына мәслихат депутаттары, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Зейдалиев, мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіне шығарылған мәселе

     2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі аудандық жоспардың орындалу барысы туралы (хабарламашы - аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Зейдалиев).

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламашының баяндамасы тыңдалып,

жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, олардың жағдайын сақтау және елді мекендердегі жайылым тапшылығының алдын алу мәселелеріне баса назар аударылды. Депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, жауапты салаға бірқатар нақты міндеттер жүктеу жөнінде пікірлер білдірілді.

Отырыс қорытындысымен жайылымдарды тиімді басқару және жоспарланған іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Мәслихаттың сессиялары
02 октября 2026
Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті LII сессиясы өткізіледі.
28 сентября 2026
Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 51 сессиясы өтті.

        Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні  Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 51 сессиясының отырысы өткізілді. Сессия отырысына  мәслихат депутаттары, Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Асенов  және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

 Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер

          1) «Жаңақорған ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №298 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
         2) «Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы;
         3) Жаңақорған ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы.

     
       Күн тәртібіндегі мәселелер  бойынша хабарламашылардың  хабарламалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

     

 

25 сентября 2026
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс LI (51) сессиясы өткізіледі.
25 сентября 2026
2026 жылдың 27 қазанында көпшілік тыңдау (жария тыңдау) өткізу туралы хабарландыру.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 4) тармақшасы сәйкес Ақүйік ауылдық округі Бірлік ауылында орналасқан (ескі) балабақша ғимаратын және аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі (ескі) өрт сөндіру арнайы көлігін жекешелендіруге байланысты көпшілік (жария) тыңдау өткізіледі.

 

       Тел: 87243522-4-34

       Өткізілетін орын: Аудан әкімдігінің ғимараты М.Көкенов, 33

       уақыты сағат 1100-де

        Жаңақорған  ауданы мәслихаты.

 

 

25 сентября 2026
Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 50 сессиясы өтті.

        Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні  Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 50 сессиясының отырысы өткізілді. Сессия отырысына аудан әкімі Ғ.Жарқынбек, мәслихат депутаттары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Оразбеков және мәслихат аппараты қызметкерлері қатысты.

      Сессияда қаралған мәселе - «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №469 Жаңақорған ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы .

       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы хабарламасы тыңдалып тиісті шешім қабылдады.

     

21 сентября 2026
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс L (50) сессиясы өткізіледі
Тұрақты комиссия
07 сентября 2026
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

          Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні аудан мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

         Тұрақты комиссиялардың отырысына мәслихат депутаттары, Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері М.Ршымбетов, Жаңақорған кентінің әкімі Ж.Бейсенбеков, Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Ахметов, мәслихат аппараты қызметкерлері қатысты.

        Күн тәртібіне шығарылған мәселелер                 

  1. Ауданның денсаулық сақтау ұйымымен көрсетілетін қызметтері (хабарламашы -  Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері     М.Ршымбетов);
  1. Жаңақорған кентіндегі  қатты тұрмыстық  қалдықтар мәселесі (хабарламашы -       Жаңақорған кентінің әкімі Ж.Бейсенбеков);
  1. Жаңақорған ауданішілік тұрақты қоғамдық көлік қатынасының жай-күйі     (хабарламашы -   Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,    жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Ахметов).  

          Көтерілген мәселелер бойынша хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып, тиісті салалардағы жетістіктер мен проблемалары талқыланды. Депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, олар бойынша қосымша ақпарат сұратылды. Ұсынылған мәліметтер жинақталғаннан кейін тұрақты комиссиялардың қорытынды отырысын өткізу жоспарлануда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы