Меню

Страницы

Статья

Депутаттық қызметі

    Мәслихаттағы депутаттық бірлестіктер

Мәслихат депутаттары саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің фракциялары, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құра алады. Мәслихат төрағасы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды. Депутаттың бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.

Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу Мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.

Депутаттық бірлестіктердің мүшелері:

       1) Мәслихат отырысының күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізе алады;

       2) Мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды тұлғалардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айта алады;

       3) Мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсына алады;

       4) депутаттық бірлестіктің қызметіне қажетті материалдар мен құжаттарды сұрата алады.

Саяси партияның фракциясы өз қызметінде саяси партияның басшы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, саяси партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына қатысады, сондай-ақ Мәслихаттың кемінде үш депутатын біріктіреді. Депутаттық топтың құрамы кемінде Мәслихаттың бес депутатынан тұрады.

     Депутаттық әдеп қағидалары

Мәслихат депутаттары:

       1) бір-біріне және Мәслихат сессиясының, Мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық тұлғаларға құрметпен қарауға тиіс;

       2) өздері сөз сөйлегенде Мәслихат депутаттарының және басқа да тұлғалардың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз айыптауларды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбауға тиіс;

       3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиіс;

       4) Мәслихаттың, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс;

       5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.

Депутат бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың қызметіне пікір білдіргенде анық, тексерілген фактілерді ғана пайдалануға тиіс.

Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің депутаттық мәртебесінің артықшылығын жеке мақсатта пайдаланбауға тиіс.

Мәслихат депутаты Мәслихат сессияларының, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты мәліметтерді жария ете алмайды.

Мәслихат атынан өкілдік етуге арнайы өкілеттігі жоқ Мәслихат депутаты, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тек өзінің атынан ғана байланысқа түсе алады.

Заңмен көзделген міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ Регламентпен белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін Мәслихат депутатына мінеу және (немесе) жария кешiрiм сұрауға мәжбүр ету түріндегі жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

       Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру

Мәслихат депутаты өзі сайланғаннан кейін алғашқы екі жылы ішінде біліктілігін арттырады.

Мәслихат депутатының біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдары мен олардың филиалдарына жүргізіледі.

Мәслихат депутатының біліктілігін арттыру ұзақтығы кемінде 40 академиялық сағатты құрайды.

Біліктілікті арттыруды табысты аяқтаған депутаттарға біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын қағаз түріндегі немесе электрондық түрдегі сертификат беріледі.

Мәслихат аппараты Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жоспарлайды.

Дата публикации
13 декабря 2022
Дата обновления
13 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
29 января 2026
Қоғамдық кеңес төрағасы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
31 марта 2023
Жаңақорған ауданы мәслихатының тұрақты комиссиялары және оның мүшелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы