Мәслихат төрағасы
Мәслихат бірінші сессияда депутаттар қатарынан тұрақты негізде жұмыс істейтін және Мәслихатқа есеп беретін лауазымды тұлға болып табылатын Мәслихат төрағасын сайлайды.
Мәслихат төрағасы лауазымына кандидатуралар депутаттар арасынан Мәслихат депутаттарымен ұсынылады. Ұсынылатын кандидатуралар саны шектелмейді.
Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде Мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысын алған кандидат Мәслихат төрағасы лауазымына сайланған болып есептеледі.
Мәслихат төрағасы лауазымына екеуден көп кандидатуралар ұсынылып, олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын жинай алмаған жағдайда, неғұрлым көп дауыс жинаған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.
Қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидатуралардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің даусын жинай алмаған жағдайда, қайтадан сайлау өткізіледі.
Мәслихат төрағасы Мәслихаттың ағымдағы сайланымның өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Мәслихат төрағасы өкілеттіктерін Заңға және Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Егер Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, Мәслихат төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Мәслихат төрағасы Мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамында бола алмайды. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жаңа Мәслихат төрағасын сайлау Заңмен және Регламентпен белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Мәслихаттың тұрақты комиссиялары бірінің төрағасы немесе Мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.