
ТӘЖІҒҰЛОВ ҚАЛМҰХАМБЕТ ЖОЛМЫРЗАҰЛЫ
Жаңақорған аудандық
Қоғамдық кеңес төрағасы
Қалмұхамбет Жолмырзаұлы 1954 жылы 13 шілдеде Өзбекстанның Ташкент облысында дүниеге келген.
1961-1971 жылдары Жаңақорған кентіндегі №51 орта мектепте білім алған.
1975 жылы ҚазХТИ-дың дайындық курсына түсіп, 1976-1981 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтының құрылыс факультетінде «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша оқып, «Инженер құрылысшы» мамандығын алған.
Еңбек жолы:
1981-1990 жылдары ПСМО «Қызылордамелиорация» трестіне қарасты ПМК-4, ПМК-125, УПТК мекемелерінде құрылыс шебері, өндіріс инспекторы, өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері және бастығы;
1970-1997 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық Кеңесінің референті, аға референті, аудан әкімшілігінің ұйымдастыру инпекторлық бөлімінің бас инспекторы және экономика секторының бас маманы;
1997-1998 жылдары экономика және нарықтық қатынастар секторының меңгерушісі;
1998-1999 жылдары аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
1999-2004 жылдары аудандық спорт және туризм басқармасының төрағасы;
2004-2006 жылдары аудандық құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2006-2017 жылдан бастап аудандық құрылыс бөлімінің бастығы;
1993 жылдан мемлекеттік мекемелер қызметкерлері Жаңақорған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарып келеді;
2005-2015 жылдары мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы орталық комитетінің мүшесі;
2022 жылдан аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы.
Марапаттары:
Аудан, облыс әкімдерінің, облыстық, Республикалық кәсіподақ комитеттерінің «Алғыс» хаттары;
Халықаралық және республикалық кәсіподақтар федерациясының «Құрмет» грамоталары;
Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Құрмет» грамоталары;
Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрмет белгісі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер» ордені;
Республикалық салалық кәсіподақтың «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» медалі;
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ Ардагері» медалі.