Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз сегізінші сессиясы 2026 жылдың 14 қазан күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 12:00-де келесі күн тәртібімен өтеді
|
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауы жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру туралы. |
|
|
* * *
Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 14 қазан күні сағат 11:30-дабасталады.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз сегізінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихат төрағасысының
міндетін атқарушы Ф.Жүнісова
Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық
бірлестіктердің, олардың құрылымдық
бөлімшелерінің назарына
Жамбыл облыстық мәслихатының
ХАБАРЫ
Жамбыл облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.
|
р/с № |
Комиссия атауы және мекен-жайы |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі № 2 сайлау округі округтік сайлау комиссиясы - (Тараз қаласы, "Бәйтерек" шағын ауданы 44, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі" КММ).
|
1 |
|
2. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы, "Самал" шағын ауданы 3Б, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы" КММ).
|
1 |
|
3. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №4 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы,"Жайлау" шағын ауданы 25В, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №35 орта мектебі" КММ).
|
1 |
|
4. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №5 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы, Пушкин көшесі 15, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы" КММ). |
1 |
|
5. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №7 округтік сайлау комиссиясы – (Тараз қаласы, №091 есеп кварталы, 6 жер учаскесі, "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің № 61 орта мектебі" КММ). |
1 |
|
6. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №13 округтік сайлау комиссиясы – (Меркі ауданы Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, 169, "Жастар ресурстық орталығы" КММ).
|
1 |
|
7. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №14 округтік сайлау комиссиясы – (Мойынқұм ауданы Мойынұм ауылы, Амангелді көшесі №147, Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараты.).
|
1 |
|
8.
|
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №15 округтік сайлау комиссиясы – (Сарысу ауданы Жаңатас қаласы 3 шағын ауданы 45 үй, аудандық мәдениет үйі.).
|
2 |
|
9. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №16 округтік сайлау комиссиясы – (Талас ауданы Қаратау қаласы, Саңырақ батыр көшесі, 25, «Балалар өнер мектебі»).
|
3 |
|
10. |
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі №18 округтік сайлау комиссиясы – (Шу ауданы, Төле би ауылы, УАШ АСАТУЛЫ көшесі 3, Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Төле би мамандандырылған көпсалалы кәсіпорны" ШЖҚ КММ).
|
1 |
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары
2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер (2-қосымша);
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (1-қосымша).
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl?lang=kk орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін, дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.
Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы - А.Т.Нұралиев.
Мәслихаттың орналасқан жері: Тараз қаласы, Абай көшесі, 125 үй.
Жауапты адам – Байшекеев Рустем Доскумбаевич, каб. № 306, қызметтік телефоны: (87262) 437051, ұялы телефоны: 8 702 991 62 52
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекі, отыз жетінші сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйек сағат 18:00-ге ауыстырылды. Өтетін орны облыс әкімдігінің мәжіліс залы (6 қабат)
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекі, отыз жетінші сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйек күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. |
|
2. |
Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бойынша облыста атқарылған жұмыстар туралы. |
|
3. |
Жамбыл облыстық мәслихатының экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. |
|
4. |
Әртүрлі мәселелер. |
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 11:00-де өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 14:30-да басталады.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, отыз жетінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихат төрағасы А.Нұралиев
Жамбыл облыстық мәслихаты
Жамбыл облысы тұрғындарының назарына!!!
07 тамыз күні сағат 10:00 – де Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78 –үй, 4-ші қабат мәжіліс залында, облыстық коммуналдық меншіктегі мүлікті (автокөлік құралдарын) жекешелендіру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өтетіндігін хабарлаймыз.
Өңіріміздің мүддесі үшін бірлесіп талқылап, салмақты шешім қабылдау мақсатында барлық ниет білдірушілерді белсенді диалогқа шақырамыз.
Ескертулер мен ұсыныстарды E-mail oblmaslihat-taraz@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады.
ҚР “Қоғамдық кеңестер” туралы Заңына сәйкес облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдарының қызметі нәтижелерін жария талқылауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі - есепті тыңдау өткізілді.
Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әлібек Аманбай облыстың сәулет және құрылыс саласында ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жобаларға тоқталды. Оның ішінде 4 қала, 353 елді мекендердің қала құрылысы құжаттарымен қамтамасыз етілгені, бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша 45 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және 10 аудан бойынша 78 бас жоспарды әзірлеу жұмыстарының атқарылу барысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы, урбанистика саласын дамыту бойынша қолға алынған жүйелі жұмыстар, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу барысында анықталған “қызыл сызық” нормаларын сақтамаған 152 құрылыс нысандары мен дүңгіршектерге қолданылған шаралар туралы туралы толық баяндады.
2026 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін ҚР “Құрылыс кодексінінің” 32- бабына сәйкес облыс әкімдігі жанынан консультативті-кеңесші орган - Сәулет және қала құрылысы кеңесі құрылатынын және оның құрамына қоғамдық және өзге де ұйымдар енгізілуі тиістігін жеткізген басқарма басшысы жаңа кеңестің тұрақты жұмысы маңызды сәулеттік шешімдер қабылдау кезінде халықтың мүддесін қорғауға, ашықтықты қамтамасыз етуге және өңірдің сәулеттік келбетін жақсартуда мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты.
Басқарма басшысының есебі бойынша кеңес мүшелері Р.Рахманбердиев, Т.Жолтаев, С. Сейітбеков, Б.Құлекеев, А.Досмаханбетұлы, Е.Далабай сәулет және қала құрылысын жобалау және жүргізу талаптары туралы қоғамды толғандыратын өзекті сұрақтарды көтерді.
Есепті тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес қарар қабылдап, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының есебі “қанағаттанарлық” болып бағаланды.
Күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Еркебұлан Ақбайдың есебі тыңдалды.
Басқарма басшысың есебі бойынша облыс аумағында діни ахуалдың жай-күйі тұрақты. ҚР “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңы, ҚР “Экстремизге қарсы іс-қимыл туралы” Заңы, ҚР “Әкімшілік құқықбұзушылық” туралы Кодексі талаптарына сәйкес өңірде дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Облыста мемлекеттік тіркеуден өткен 11 конфессиядан тұратын 401 діни бірлестіктер мен филиалдар болса, оның ішінде 355 исламдық мешіт, 46 христиандық бағыттағы мешіттер. Қазіргі уақытта өңірде 14 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Арнайы бұйрықпен мешіттерде 460 діни қызметкерлер жұмыс атқарады.
Басқарма діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы халықтың мақсатты топтарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, Интернет кеңістікте қарсы насихаттау жұмысы, оңалту және дерадикализациялау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде теріс діни бағыттағы топтарда тіркелген 40 808 тұрғын аталған топтардан шығарылған, 1398 күдікті парақша анықталып, оның 89-ы бұғатталған.
Басқармада мемлекеттік көрсетілетін 2 қызмет түрі бойынша 2026 жылы діни қызмет саласын 1 мемлекеттік қызмет көрсетілген, мерзім бұзу фактілері орын алмаған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 28 түсіндірме іс-шаралары мен насихаттау жұмыстары жүргізілген.
Басқарма басшысының есебі бойынша кеңес мүшелері А.Төлебаев, А.Карентаев, С. Құрманбекова, Ә.Зәуірбеков өңірде 14 мешіт құрылысын салу қажеттілігіне талдау жүргізу, аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдеріне бекітілген дін саласына жауапты мамандардың жұмыстарын қадағалау, мектеп оқушыларының мешітке баруын және діни қызметкерлердің көпшілік орындарда уағыз айту тәртібін ретке келтіру туралы сұрақтар көтерді.
Кеңес мүшелері басқарма басшысының аталған сұрақтарға жазбаша жауап беруін назарға алуды ескертіп, есепті баяндаманы қабылдады.
Қоғамдық кеңес төрағасы Дүйсеналы Бықыбаев жұмыс жоспары бойынша есепті тыңдау алдында комиссия төрағалары Р. Рахманбердиев және А.Төлебаев мониторингтік топ құрамымен бірге сәулет және қала құрылысы, дін істері саласы қызметтерін аудандар және Тараз қаласы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізгенін атап өтіп, есепті тыңдау барысында басқарма басшылары Ә.Аманбай және Е. Ақбайдың жұмыс нәтижелері бойынша қабылданған қарарда мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қамтылатынын жеткізді.
Қоғамдық кеңес отырысы туралы мазмұнды сюжет JAMBYL TV телеарнасының “AIQYN AQPARAT” ақпараттық бағдарламасы арқылы көрсетілді
ҚР “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңына сәйкес қоғамдық бақылау мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.
19 наурызда Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысында облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтің 2025 жылы ветеринария саласында атқарылған жұмысының нәтижелері туралы есебі тыңдалды.
Есепті талқылау барысында кеңес мүшелері және комитет мүшелері ветеринария саласына комиссия төрағасы Амангелді Карентаевтың жетекшілігімен барлық аудандар бойынша жүргізілген қоғамдық мониторинг барысында берілген ұсынымдардың басқарма тарапынан қаралуы және орындалуы жөнінде басшының есебінде ақпарат берілмегенін, қойылған сұрақтарға берілген жауаптардың ұсынымдарға сәйкес келмеуін баса айтты.
Кеңес төрағасы Дүйсеналы Бықыбаев кеңеске қатысқан мүшелер тарапынан жұмыс нәтижелері туралы басқарма басшысының есебі мақұлданбауына байланысты есеп қабылданбайтынын, Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері шегінде дайындалған ұсынымдар басқармаға жолданып, қабылданған шешім туралы хабарланатынын жеткізді.
Қоғамдық кеңес отырысы туралы сюжет JAMBYL телеарнасы арқылы көрсетілді.
25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесіне орай Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия білім ордасында салтанатты іс-шара өтті. Айтулы мерекеге Жамбыл облыстық мәслихаты төрағасы Абдалы Тоқбергенұлы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ақжарма тілегін арнады.
Мерекелік жиында сөз сөйлеген облыстық мәслихат төрағасы түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, олардың білім мен тәрбие жолында биік белестерді бағындырып, елдің дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ боларына сенім білдірді. Сонымен қатар, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп жүрген ұстаздарға және перзент тәрбиесіндегі ата-аналарға алғысын жеткізді.
Салтанатты шара барысында мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, әсерлі қойылымдар мен концерттік бағдарламаларын ұсынды. Түлектер үшін қимастық пен қуанышқа толы ерекше сәттер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тараз қаласында «Senat Open» 3-ші Ашық Кубогының 1/4 финал кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Аталған іс-шараға Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының басшысы Дәурен Рахымұлы қатысып, жарыс барысымен танысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Зияткерлік сайысқа мемлекеттік қызметшілер, депутаттар және қоғам өкілдері қатысып, өзара шеберлік байқасты. Турнирдің басты мақсаты – шахмат спортын кеңінен насихаттау, сондай-ақ әртүрлі сала өкілдері арасындағы байланысты нығайту.
Аталған жарыс өңірдегі шахматтың дамуына серпін беріп, қатысушылар үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессиясы өтті
2026 жылғы 5 мамыр күні сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен жауапты сала өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жетілдіруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, депутаттар «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесін қарап, өңірдің басым бағыттарына қаржы бөлу тетіктерін талқылады. Сонымен қатар Жамбыл облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, облыстың алдағы жылдардағы даму басымдықтары нақтыланды.
Сессия барысында Тараз қаласында инклюзивті спорт орталығын салу жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталған жоба ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға серпін береді деп күтілуде.
Сонымен бірге Жамбыл ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік бағыныстылығын және ауылдық округтердің шекараларын өзгерту мәселесі қаралып, өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар талқыланды.
Депутаттар 2026 жылға арналған Жамбыл облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы мәселені қарап, жер қатынастары саласындағы жұмыстардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға басымдық берді.
Сондай-ақ ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерінен берілетін ауызсу қызметтерінің құнын субсидиялау мөлшерін бекіту және облыстық мәслихаттың жекелеген шешімдерінің күшін жою мәселелері де күн тәртібіне шығарылды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.