Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма сегізінші сессиясы 2025 жылдың 27 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11:30-де келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
«2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
2. |
Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы. |
|
3. |
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының лауазымдық нұсқаулығын бекіту туралы. |
|
4. |
«Б» корпусына жатқызылған Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы және оның мүшелерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы. |
|
5. |
«Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-10 шешімінің күшін жою туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 маусымдағы №23-7 шешімін жою туралы. |
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2025 жылдың 27 қарашасында сағат 10:00 өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 27 қараша күні сағат 11:00-де басталады.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма сегізінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев