Жамбыл облысы тұрғындарының назарына!!!
Жамбыл облыстық мәслихаты 2025 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 11:00 – де Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №23 «Б» -үй мекенжайында орналасқан «Достық үйі» ғимаратында коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Тараз» кәсіпқой футбол клубын» жекешелендіру мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өтетіндігін хабарлаймыз.
Өңіріміздің мүддесі үшін бірлесіп талқылап, салмақты шешім қабылдау мақсатында барлық ниет білдірушілерді белсенді диалогқа шақырамыз.
Ескертулер мен ұсыныстарды oblmaslihat-taraz@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады.