Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма жетінші сессиясы 2025 жылдың 22 қазан күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11:30-де келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
«2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
2. |
Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы. |
|
3. |
«Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
4. |
«Жамбыл облысының басқару схемасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №14-12 шешіміне толықтырулар енгізу туралы. |
|
5. |
Кейбір комиссиялар мен кеңестердің құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. |
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2025 жылдың 22 қазанында сағат 10:00 өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 22 қазан күні сағат 11:00-да басталады.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма жетінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев