Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылдың 25 қыркүйек күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. |
|
2. |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының облыста іске асырылу барысы туралы. |
|
3. |
Жамбыл облыстық мәслихатының экология, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. |
|
4. |
Әр түрлі мәселелер. |
* * *
Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 09:00-де басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2025 жылдың 25 қыркүйекте сағат 09:30-да өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма алтыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихат төрағасының м.а. Ф.Жүнісова