Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма төртінші сессиясы 2025 жылдың 30 шілде күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 16:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
«2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
2. |
Тараз қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы. |
|
3. |
«Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы№40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 маусымдағы №23-5 шешімін жою туралы. |
|
4. |
«Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы№40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
5. |
Кейбір комиссиялардың құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. |
* * *
Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 30 шілде күні сағат 15:30-да басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2025 жылдың 30 шілдеде сағат 15:00 өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма төртінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев