Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №69 бұйрығына сәйкес Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ ШЕШІМ ЕТТІ:
- Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 31 (отыз бір) мүше болып айқындалсын (29 мүше конкурспен, 2 конкурстан тыс негізде).
- Жамбыл облыстық мәслихаты төрағасының «Жамбыл облысының Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы» өкімін және «Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны» бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында үш жұмыс күні ішінде жариялау ұсынылсын.
Жұмыс тобының басшысы М.Берік