Жамбыл облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының ( әрі қарай - Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы 9 мүшеден тұрады.
Осы Жұмыс тобын іріктеу үшін мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан ұсыныстар 2025 жылдың 4 ақпан мен 10 ақпан аралығында сағат 17.00-ге дейін қабылданады. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі - 5 жұмыс күнін құрайды.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
«Жамбыл облыстық мәслихаты аппараты» КММ, Жамбыл облысы Тараз қаласы, Абай көшесі, № 125, №307 бөлме, байланыс телефоны – 8 (72635) 43-39-92, электрондық мекенжайы: oblmaslihat-taraz@mail.ru
уақыты: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс: 13:00 - 14:30.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтері;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім.
Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:
Коммерциялық емес ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтініші.
Жамбыл облыстық
мәслихат төрағасы А.Нұралиев