Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он тоғызыншы сессиясы 2024 жылдың 26 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 16.30 келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
«2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
2. |
«Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №2-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
3. |
«Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы. |
|
4. |
Сегізінші шақырылған Жамбыл облысы мәслихатының «Бірлік» депутаттық тобын құру және Ережесін бекіту туралы. |
|
5. |
«Жамбыл облысының басқару схемасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14-12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. |
|
6. |
«Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы облыстық терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. |
|
7. |
«Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
8. |
«Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3-11 шешімін жою туралы. |
* * *
Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 26 қараша күні сағат 14.30 басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2024 жылдың 26 қарашасында сағат 15.00-де өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он тоғызыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев