Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он алтыншы сессиясы 2024 жылдың 23 тамыз күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11.30 келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
«2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
2. |
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің және Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру туралы. |
* * *
Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 23 тамыз күні сағат 09.30 басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2024 жылдың 23 тамызында сағат 10.00-де өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он алтыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев