Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он төртінші сессиясы 2024 жылдың 24 сәуір күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11.00 келесі күн тәртібімен өтеді:
|
1. |
«2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. |
|
2. |
Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы. |
|
3. |
«Жамбыл облысының басқару схемасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №14-12 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы. |
|
4. |
Жамбыл облысы әкімдігінің дербес құрамына және кейбір бекітілген комиссиялардың құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. |
* * *
Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 24 сәуір күні сағат 09.00 басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 09.30-да өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он төртінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев