«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 - бабына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- «Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 06 сәуірдегі №22-8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3383 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.