Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз үшінші сессиясы 2026 жылдың 5 мамыр күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 16:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

 

1.

«2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.

«Жамбыл облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3.

«Жамбыл облысы Тараз қаласында инклюзивті спорт орталығын салу» жобасы бойынша «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.

4.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының кейбір елді мекендерінің                   әкімшілік бағыныстылығын және ауылдық округтердің                     шекараларын өзгерту туралы.

5.

2026 жылға Жамбыл облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

6.

Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы.

7.

Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

 

*   *   *

 

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы  облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2026 жылдың 5 мамырында сағат 14:30-де өтеді.

 

*   *   *

 

Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 5 мамыр күні сағат 15:30-да басталады.

 

Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз үшінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы                                      А.Нұралиев


Хабарландыру
Дата публикации
01 мая 2026