GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
30 сентября 2026
Шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты шығып қалғандардың орнына №№ 168, 190  учаскелік сайлау комиссияларының және № 9 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 1 қазаннан 14 қазанға дейін мәслихатқа мынадай құжат тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (қосымша 1);

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (қосымша 2).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 1 қазаннан 14 қазанға дейін, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты

Лариса Викторовна Топорова – Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 19.

Жауапты тұлға – Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина, аппарат басшысы, қызметтік телефон нөмірі (871544) 2-19-00, 8-777-553-71-20, электрондық пошта мекенжайы maslihatgamb@mail.ru 

Жамбыл ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін бос орындарға сайлайды:

№

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

1

УСК №168

жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Новорыбинка а., Береговой к., 27

1

2

УСК №190

жалпы білім беру мектебінің ғимараты,

Жаңажол аулы,

Есеней Естемісов к.14

1

3

ОСК №9

Айымжан  жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты,

 Айымжан а., Абай көшесі, 41

1

Косымша 1

Косымша 2

29 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс 47 сессиясы

2026 жылғы 29 қыркүйекте Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорованың төрағалығымен аудан мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бауыржанұлы Бектасов, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев, аудан мәслихатының депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралды.

қКүн тәртібіндегі бірінші мәселе «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 36/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалия Абайқызы Қожанова баяндама жасады.

«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Благовещенка ауылдық округі әкімінің м.а. Анастасия Владимировна Сергиенко сөз сөйледі.

«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №37/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үшінші сұрағы бойынша Қайранкөл ауылдық округінің әкімі Қайыргелді Қариұлы Амантаевты тыңдадық.

Первомай ауылдық округінің әкімі Амангелді Базарбайұлы Шуақпаев «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрағы бойынша баяндама жасады.

«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрағы бойынша Преснов ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Сайранұлы Әленов сөз сөйледі.

Сондай-ақ сессия барысында депутаттар аудандық жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу бойынша Жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанат Құрмангалиұлы  Жүсіповты тыңдады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудан мәслихатының депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

29 сентября 2026
Совместное заседание постоянных комиссий маслихата Жамбылского района

29 сентября 2026 года в зале заседаний маслихата Жамбылского района состоялось совместное заседание постоянных комиссий маслихата под председательством председателя постоянной комиссии Бекеновой Жанны Балтабаевны.

В работе заседания приняли участие председатель маслихата Жамбылского района Топорова Лариса Викторовна, депутаты районного маслихата, руководители государственных органов, а также акимы сельских округов района.

В ходе заседания постоянными комиссиями были рассмотрены вопросы, связанные с уточнением на 2026 год районного бюджета, а также бюджетов Благовещенского, Кайранкольского,  Первомайского и Пресновского сельских округов.

По данным вопросам депутаты заслушали соответствующие доклады и обсудили предлагаемые изменения, направленные на обеспечение эффективного и целевого использования бюджетных средств, а также своевременное финансирование мероприятий, предусмотренных бюджетами.

В завершение заседания постоянных комиссий депутаты рассмотрели вопрос о внесении изменений в состав районной земельной комиссии.

 В итоге рассмотренные проекты решений маслихата были направлены на сессию для рассмотрения и утверждения.

25 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11.00 Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сіздерді сессия жұмысына қатысуға шақырамыз.

 Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. 1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін және ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау туралы.
  2. Әр түрлі.

 

Жамбыл ауданы мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10.00 өтеді.

24 сентября 2026
Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Чижма Наталья Викторовнаның төрағалығымен Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Зәуре Мәдиқызы Тұлұмбаеваның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмысы, мүгедектер мен жалғызбасты қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету,  әлеуметтік қызметкерлерді формамен және барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету туралы ақпараты тыңдалды. Отырыс соңында депутаттар оның ақпаратына қатысты сұрақтар қойды. Олар жарыссөзде сөйлеген сөздерін тыңдады. Отырыс қорытындысы бойынша орындауға ұсынымдар берілді.

23 сентября 2026
Состоялась очередная сессия маслихата Жамбылского района

Бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте, Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында Жамбыл ауданы мәслихатының кезекті 46 сессиясы өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Лариса Викторовна Топорова төрағалық етті.

Сессия жұмысына Жамбыл ауданы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

«Архангелка ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы, проблемалары және оларды шешу жолдары туралы» мәселесі бойынша Архангелка ауылдық округінің әкімі Алтын Серікбайқызы Ташенованың баяндамасы тыңдалып, округтің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

«Білім беру объектілерін 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындау туралы» мәселе бойынша білім бөлімінің басшысы Бауыржан Балтабайұлы Мұсабаев баяндама жасады.

Сонымен қатар, сессия барысында «СҚО Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ Ережесіне және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша аудан мәслихаты аппаратының басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудан мәслихатының депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

23 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында тұрақты комиссия төрағасы Жанна Балтабайқызы Бекенованың төрағалығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорова, аудан мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

«Архангелка ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы, проблемалары және оларды шешу жолдары туралы» Архангелка ауылдық округінің әкімі Алтын Серікбайқызы Ташенованы тыңдады.

 «Білім беру объектілерін 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындау туралы» сұрағы бойынша білім бөлімінің басшысы Бауыржан Балтабайұлы Мұсабаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ отырыс барысында депутаттар аудан мәслихаты аппаратының басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршинаны тыңдап, «СҚО Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ Ережесіне және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу бойынша шешімдерінің жобаларымен танысты.

Барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді. Қаралған мәселелерді заңнамада белгіленген тәртіппен одан әрі қарауға ұсыну туралы шешім қабылданды.

22 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Равиль Сиреньевич Садыковтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің  кезекті отырыс өтті,

Отырыста төрт мәселе қаралды.

«2026 жылғы 8 айда архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» бірінші сұрағы бойынша мұрағатшы Динара Тоқтарқызы Қошанова хабрлады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының  кейбір шешімдерінің күшін жою туралы», «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының  кейбір шешімдерін жою туралы» және «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 15 шілдедегі шешіміне өзгерістер енгізу туралы» үш сұрақ бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады.

Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерімен сұрақтар қойылды және тиісті ұсыныстар берілді.

11 сентября 2026
Шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хабарламасы

Шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты шығып қалғандардың орнына №№ 168, 180, 193, 198  учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 11 қыркүйектен 22 қыркүйекке дейін мәслихатқа мынадай құжат тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (қосымша 1);

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (қосымша 2).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 11 қыркүйектен 22 қыркүйекке дейін, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты

Лариса Викторовна Топорова – Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 19.

Жауапты тұлға – Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина, аппарат басшысы, қызметтік телефон нөмірі (871544) 2-19-00, 8-777-553-71-20, электрондық пошта мекенжайы maslihatgamb@mail.ru

 

Жамбыл ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін бос орындарға сайлайды:

 

№

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

1

УСК №168

жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Новорыбинка а.,

Береговой к., 27

1

2

УСК №180

жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Архангелка а.,

Центральный к., 29

1

3

УСК №193

жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Озерное а.,

Конституция к., 4

1

4

УСК №198

Психикалық денсаулық сақтау орталығының ғимараты, Благовещенка а.,

Дачный к., 1

1

 

 

11 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының назарына!

Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының назарына!

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 11.30 Жамбыл ауданы мәслихатының кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сіздерді сессия жұмысына қатысуға шақырамыз.

 Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Білім беру объектілерін 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындау туралы (объектілер бойынша күрделі және ағымдағы  жөндеу, көмір дайындау, аббаттандыру және т.б.).
  2. Архангелка ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы, продлемалары және оларды шешу жолдары туралы.
  3. Әр түрлі.

Жамбыл ауданы мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 10.30 өтеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы