Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Қоғамдық кеңес төрағасы Р.С. Садықовтың төрағалығымен қоғамдық кеңестің отырысы өтті. «2025 жылға арналған архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі бойынша аудандық архив директоры Кенжебай Әбдірешұлы Тасболатов баяндады және «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 29/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» сұрағы бойынша Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалия Абайқызы Қожанова хабарлады.
Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Павел Олегович Цыгановтың өкілеттігі тоқтатылуына байланысты, оның құрамына кандидаттардың резервтік тізімінен іріктеу туралы шешім қабылдады.
Қоғамдық кеңестің құрамына резервтік тізімнен Айгүл Серікқызы Мусина енгізілді.
Мәселелер қарастырылды, талқыланды және тиісті ұсыныстар берілді