2025 жылғы қаңтарда Жамбыл ауданы мәслихат аппаратының басшысы (Әдеп жөніндегі уәкіл) Гүлбаршын Жаңбыршина мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне семинар өткізді.
Семинар барысында Г. Жаңбыршина мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттігіне, мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынас жасау кезінде сыпайылық пен биязылық танытуға назар аударды.
«Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» сақтай келе, мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге не оған жол бермеу жөнінде өзге де шараларды қабылдауға, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынуға, әріптестерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу міндетті.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы семинар сабағының соңында ол цифрлық гигиена туралы да атап өтті. Цифрлық гигиена — өзіңізді және деректеріңізді қауіпсіз түрде қорғауға көмектесетін интернеттегі тәртіп ережелерінің жиынтығы. Жеке ақпаратпен бөліспеңіз, eGov қосымшасы арқылы «Несиені тоқтату» қызметін пайдалаңыныз, 1414 нөмірінен кодты бермеңіз, хабарламалардың шынайылығын тексеріңіз, бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, күдікті сілтемелерді баспаңыз, алаяқтық туралы атқарушы органдарғаа хабарлаңыз.
Аудан мәслихатының аппараты
