Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанда Жамбыл ауданы мәслихат аппаратының басшысы (Әдеп жөніндегі уәкіл) К. Жаңбыршина мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын қатаң сақтау, сыпайы және ықыласты болу, ашықтық пен клиентке бағдарланған қағидаттарын сақтау қажеттігіне назар аударылды.
«Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің тұлғасы болып табылады және адамдар алдында қоғамдық орындарда үлгілі мінез-құлық үлгісі болуы тиіс» — деп қосты К.Жаңбыршина.
Аудан мәслихатының аппараты
