Ағымдағы жылдың 26 қарашасында мәслихаттың мәжіліс залында өткен Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында екі мәселе қарастырылды.
Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмысына аудан мәслихатының төрайымы Лариса Викторовна Топорова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Әсел Оралтайқызы Әубәкірова, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы Светлана Степановна Климова, мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің жұмысы туралы бөлім басшысы – Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев баяндама жасады. Ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы, оның негізінде ауданымызға жұмыс істеуге келген мамандарға тұрғын үй сатып алу және салу үшін көтерме және несие беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілетіні туралы, бұл қызметті қалай алуға болатындығы, көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру үшін не жасалатыны және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын қиындықтар туралы айтып берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыға сұрақтар қойды: электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі проблемалар бойынша, бас тарту себептері туралы және басқалары. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Әсел Оралтайқызы Әубәкірова экономика және қаржы бөліміне шағымдар жоқ екенін, бірақ сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Екінші мәселе бойынша ауданда инватакси құру туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады. Қоғамдық кеңестің мүшелері Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті органдарға сұрау салуға, қолданыстағы инватаксилердің тәжірибесін зерделеуге және ауданда инватакси құру мүмкіндігін табуға, «Мүгедектерге лайықты өмір» әлеуметтік жобасын жасауға ұсынысдар берді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.