Отырыста Қоғамдық кеңестің мүшелерімен 5 мәселе қарастырылды:
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 208 қаулысымен бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 9/39 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» бірінші мәселесі бойынша Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маманы Гүлбаршын Қайыргелдіқызы Молдағалиева хабарлады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» екінші сұрағы бойынша Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маманы Гүлбаршын Қайыргелдіқызы Молдағалиева хабарлады.
«Жамбыл ауданының білім беру және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің келешегі мен мәселелері, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» үшінші сұрағы бойынша Жамбыл ауданының білім бөлімі» КММ бас маманы Неля Викторовна Иванова хабарлады.
«2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы төртінші сұрағы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев хабарлады.
«2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» соңғы сұрағы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев хабарлады.
Отырыс соңында барлық қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.