Ағымдағы жылғы 17 шілдеде Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова қатысты.
Тұрақты комиссиялар мүшелерімен келесі сұрақтар қарастырылды:
- «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі Троицкое ауылы елді мекенінің жер-шаруашылық орналастыру жобасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
- Солтүстік Қазақстан облысы «Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 5/17 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 9/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Жамбыл ауданы мәслихатының № 6 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутат Дамир Сейдінұлы Тастановтың депутаттық өкiлеттiгiн мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- «Жамбыл ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қантардағы № 24/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қантардағы № 24/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Нәтижесінде барлық қаралған мәселелер Жамбыл ауданы мәслихатының сессиясының қарауына және бекітуіне жолданды.