Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 22 ақпанда Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова, мемлекеттік органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Отырыста төрт мәселе қаралды:

  1. Мемлекеттік қызмет «2023 жылға мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру».

Аудандық мұрахаттың директоры Кенжебай Әбдірешұлы Тасболатов хабарлады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға, әкетуге, сұрыптауға және көмуге арналған халыққа тарифтерді бекіту туралы».

Жамбыл ауданы әкімдігінің Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейрам Бүркүтұлы Аманжолов хабарлады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс бойынша бас маман Светлана Васильевна Мыськив хабарлады.

  1. «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев хабарлады.     

Барлық қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.

 

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
24 сентября 2026
Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы
22 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы