Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында ағымдағы жылғы 31 қазанында Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда 2023 жылдың 9 айында Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері қаралды. Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды тану туралы» сұрағы қарастырылды.
Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмысына ZOOM арқылы: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы – Әсел Оралтайқызы Әубәкірова, аудан әкімі аппаратының бас маманы – Светлана Степановна Климова, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Атқарылған жұмыстар туралы Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мейрам Бүркітұлы Аманжолов және экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев баяндама жасады. Олар кеңес мүшелері мен қатысушыларды мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелер талқыланды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды тану туралы» сұрағы бойынша Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маманы Бауыржан Борисович Ғабдуллин хабарлады.
Қоғамдық кеңес мүшелері барлық мәселелерді жан-жақты қарастырып, ұсыныстар берді.