2023 жылғы 15 қыркүйекте Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында Равиль Сиреньевич Садықовтың төрағалығымен аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Жамбыл ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.
Жамбыл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндеттерін атқарушысы Мейрам Бүркітұлы Аманжолов хабарлады.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 2/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Петр Борисович Петров хабарлады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Петр Борисович Петров хабарлады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы.
Жамбыл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы Мария Николаевна Рыскельдинова хабарлады.
- 2023 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, басшышылық лауазымдарын атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Жамбыл ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев хабарлады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы.
«СҚО Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік-құқықтық сұрақтар бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маманы Бауыржан Борисович Ғабдуллин хабарлады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы.
Жамбыл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы Мария Николаевна Рыскельдинова хабарлады.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарастырып, белсенді талқылаудан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынымдар берді.