Бүгін ағымдағы жылдың 14 шілдесінде мен Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы тәртібі және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасында көзделген шектеулерді сақтауы мәселесіне ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ мәслихат аппаратының қызметкерлерімен қызметтік қарым — қатынастардағы мінез — құлық, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелері талқыланды.