Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңестің отырысы

2023 жылғы 30 мамырда Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында Равиль Сиреньевич Садықовтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының, ауылдық округтер әкімдерінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің қатысуымен ауданның қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Келесі мәселелер қаралды:

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 45 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Мейірбек Талапұлы Қорженқұлов хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы. Жамбыл ауданының сәулет, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы Кәлетов Еркебұлан Бауыржанұлы хабарлады.

Мемлекеттік қызметтер: ветеринариялық паспорт беру, ветеринариялық анықтама беру. Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясының директоры Алексей Степанович Плужников хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы. Жамбыл ауданының білім бөлімінің басшысы Эльдар Сапарұлы Шумеков хабарлады.

2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы. Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан облысының". Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады.

Архангелка, Благовещенка, Жамбыл, Казанка, Қайранкөл, Кладбинка, Майбалық, Мирный, Озерный, Пресноредут, Первомай, Преснов және Троицктй ауылдық округтерінің 2022 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы. Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдері хабарлады.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер белсенді талқыланды. Отырыс соңында Қоғамдық кеңес бірқатар тиісті ұсыныстар берді.

Дата публикации
12 июня 2023
Дата обновления
12 июня 2023
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
24 сентября 2026
Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы
22 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы