Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Бүгін, 2023 жылғы 27 сәуірде Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында Равиль Сиреньевич Садыковтың төрағалығымен ауылдық округ әкімдері, мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің қатысуымен ауданның қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ауылдық округ әкімдері Қоғамдық кеңес мүшелеріне 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттерін нақтылау бойынша мәслихат шешімдерінің жобаларын ұсынды.

Осы ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 104, 106, 109-1-баптарына сәйкес жүргізіледі. Әкімдердің бюджет қаражатын игеру жөніндегі баяндамалары негізінде ішкі қайта бөлу ұсынылады, олар округтерді дамыту жөніндегі бірқатар міндеттерді шешуге бағытталатын болады. Мәселен, бюджетті нақтылау кезінде елді мекендердің санитариясын, абаттандырылуын және көгалдандырылуын қамтамасыз етуге, жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, ауылдар мен ауылдық округтердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қаражат көзделген, деп атап өтті ауылдық округтердің әкімдері.

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы белсенді талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес бірқатар тиісті ұсынымдар шығарды.

Дата публикации
28 апреля 2023
Дата обновления
28 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
24 сентября 2026
Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы
22 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы