Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2023 жылдың 13 сәуірінде Равиль Сиреньевич Садыковтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысқан Ауданның қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа ZOOM арқылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Федоровна Степаненко, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Әсел Оралтайқызы Әубәкірова, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Елена Михайловна Пестова, аудан әкімі аппаратының бас маманы Светлана Степановна Климова қатысты, онда мемлекеттік органдардың 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы Дархан Сәбитұлы Смаилов пен Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндеттерін атқарушы Гүлнара Викторовна Ерімова тыңдалды.

Ары қарай Қоғамдық кеңес мүшелері аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиевтың,

жолдар және инфрақұрылым (ауданда жолдарды жөндеу және сапалы инфрақұрылымды дамыту мәселелері). ДШСК құрылысының жағдайы туралы ауданның сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы Сағындық Оразалыұлы Асылтасовтың,

Пресновка ауылында көшелер мен тұйық көшелерді жөндеу, қоқыс орнының жағдайы. Әртүрлі мәселесі бойынша Преснов ауылдық округінің әкімі Юлия Валерьевна Шихованың,

Көшпелі сауда жасауға арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына баға мониторингі мәселесі бойынша Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Рустам Жанатұлы Дүйсембековтің,

Аудан мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы Күлбаршын Қамзақызы Жаңбыршинаның,

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің жергілікті бірлестіктері жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 5/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Мейірбек Талапұлы Қоржынқұловтың ақпараттарын тыңдады.

Қаралған мәселелер бойынша мерзімдері мен шешімдері белгіленген ұсынымдар берілді.

Дата публикации
18 апреля 2023
Дата обновления
18 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
24 сентября 2026
Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы
22 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы