«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық есеп (01.09.-31.12.2025ж.)

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық есеп

 Пресновка а.                                                                               2026 жылғы 11 ақпан           

 

Кіріспе

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 8-бабы 5 тармағын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі Үлгілік қағидалар) орындау мақсатында, «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымының 2026 жылғы 4 ақпандағы № 8-НҚ өкімі негізінде, 2026 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді (бұдан әрі – ішкі талдау).  

Талдау мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу, аппарат қызметінің ашықтығын арттыру және оларды барынша азайту шараларын әзірлеу.

Ішкі талдау мәслихат аппаратының 2025 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.

Ішкі талдауды мәслихат төрайымының 2026 жылғы 4 ақпандағы № 08-НҚ өкімімен бекітілген, құрамына кіретін жұмыс тобы жүргізді:

Жұмыс тобының төрайымы – Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина, аппарат басшысы;

Жұмыс тобының хатшысы – Гүлбаршын Қайыргелдіқызы Молдағалиева –ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс және ішкі бақылау бойынша бас маман;

Равиль Сиреньевич Садыков – Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

Наталья Владимировна Киряш – ұйымдастырушылық-стратегиялық және жобалық қызмет бойынша құрылымдық бөлімше басшысы;

Наталья Эдуардовна Бойко – бас маман-бухгалтер.

Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес, мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Бірінші бағыт бойынша: Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді және жоғарыда аталған белгілер бойынша ұйымдастыру-басқару қызметін зерделеу барысында ішкі талдау мынаны көрсетті.

Мәслихат аппараты өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын;

«Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын.

Сонымен қатар, Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Жамбыл ауданының мәслихаты 6 сессия (с.і. 3 кезекті сессия) өткізді, барлығы 73 шешім қабылданды (оның ішінде мемлекеттік тіркеуге жататын және тіркелген – 0, ЭББ жариялануға жататын – 47, басқалар 26). 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде аудан мәслихатының тұрақты комиссия отырыстары 6 отырыс өткізіді, онда 65 мәселе қарастырылды.

Көрсетілген мерзімде аудан мәслихатының төрайымымен 44 өкім шығарылды, оның ішінде:

01.09 бастап 31.12.2025ж. дейін – 23 жеке құрам бойынша, 21 негізгі қызмет мәселелері бойынша.

Қазіргі уақытта мәслихат аппаратының қызметіне қатысты құқықтық нормаларды қамтитын келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылуда:

- 2024 жылғы 19 шілдеде бекітілген ұжымдық шарт, тіркеу нөмірі № 71 және 2025 жылғы 18 шілдедегі Ұжымдық шартқа қосымша келісім, №7 номерімен тіркелеген.

- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты төрайымының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 23-НҚ өкіміне  өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты төрайымының 2025 жылғы 22 тамыздағы № 27-НҚ өкімі (бұдан әрі – Қызметті бағалау әдістемесі).

- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 8/2 шешімімен бекітілген Жамбыл ауданы мәслихатының регламенті, 2024 жылғы 23 тамыздағы № 21/6 өзгерістермен.

- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/14 шешімімен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі», 2023 жылғы 26 қаңтардағы өзгерістермен.

Сондай-ақ Мәслихат аппаратында мемлекеттiк мекеменiң ведомстволық қызметiнiң мәселелерi бойынша мынадай құқықтық актiлер (мәслихат төрайымының өкімдері) қолданылады:

- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты төрайымының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 07-НҚ өкімімен бекітілген «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын мәслихат төрайымының, «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің, техникалық қызметшілерінің, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде, соның ішінде шетел мемлекеттеріне, қызметтік іссапарларға жолдау және қызметтік іссапарлардың шығындарын өтеу ішкі тәртібі».

Мәслихат Аппаратының қызметіне қатысты жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді, аудан мәслихаты төрайымының өкімдерін және Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған заңнамалық актілерін, мәслихат аппаратының функцияларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс барысында қолдану кезінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 2. Екінші бағыт бойынша - Мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды анықтауды қоса алғанда, персоналды басқару:

Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің штаттық және нақты саны 5 адамды құрайды, ал штаттан тыс 4 бірлік – еңбек шарты бойынша қызметкерлер (хатшы, жүргізуші, көшірме-көбейту машинасының операторы, статист) жұмыс істейді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты депутаттар арасынан сайланған аудан мәслихатының төрайымы жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Мәслихат аппаратының құрылымы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының сессиясында бекітіледі. Осылайша, 2025 жылға арналған Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/12 шешімімен Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат саны бекітілді.

Мәслихат аппаратының құрылымына: аппарат басшысы, ұйымдастырушылық-стратегиялық және жобалық қызмет бойынша құрылымдық бөлімше басшысы және 3 бас маман: ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және ішкі бақылау бойынша бас маманы, ақпараттық қамтамасыз ету,  талдау және іс жүргізу бойынша бас маман6 бас маман-бухгалтер кіреді.

Қазіргі уақытта Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны бекітілген штаттық санға сәйкес келеді. Бос орындар жоқ.

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары 2024 жылғы 13 маусымда E-қызмет жүйесі арқылы бекітілді.

Олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынатын мемлекеттік лауазымдарды иелену фактілері жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау мақсатында, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында Мәслихат аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, сондай-ақ қызметкерлер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына уақтылы декларация тапсырды.

Мәслихат аппаратында: жақын туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмыс); Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында лауазымды адамдар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.

Сондай-ақ, Мәслихат аппаратында коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Жоғарыда аталған кезеңде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

Сондай-ақ Мәслихат аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылық фактілері жоқ.

Осы кезеңде Мәслихат аппаратының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Мәслихат аппаратында Жамбыл ауданы мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 7-НҚ өкімімен бекітілген, мемлекеттік қызметшілер таныстырылған мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты қолданыста.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, кадр жұмысының нәтижелері бойынша Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталған жоқ.

 2) мүдделер қақтығысын реттеу мәселесі бойынша:

Талданған кезеңде Мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау, сондай-ақ Мәслихат аппаратындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін талдау мақсатында тоқсан сайын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қатысатын анонимді сауалнама жүргізіледі.

Сауалнама деректері ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың қанағаттанарлық екенін, қызметкерлер мен басшының арасындағы қарым-қатынастың сыйластықты, қызметкерлердің мінез-құлқының этикалық және моральдық аспектілері байқалатынын көрсетті.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Регламентке сәйкес Мәслихат аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету (ұсыну) өкілеттігі берілмейді.

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселелері бойынша:

Мәслихат аппаратының лицензиялар мен басқа да рұқсат беретін құжаттарды беруге құзыреті жоқ.

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру мәселелері бойынша:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Регламентіне сәйкес Мәслихат аппаратына бақылау-қадағалау функциялары берілмейді.

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу мәселелері бойынша:

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында – 19 306,0 мың теңге бөлінді, 19 315,2 мың теңге игерілді, 0,6 мың теңге дөңгелектеуге байланысты игерілмеді.

Бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттің атқарылуы туралы есептер «Ашық бюджеттер» порталында белгіленген мерзімде орналастырылады.

Бюджет қаражатын игеру мен бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Теңгерімдегі тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын түгендеу жүргізіледі.

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу мәселелері бойынша:

2025 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсан  дейінгі кезеңде 3 шарт жасалды, оның ішінде:

    - шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 0;

    - өткізілмеген сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен – 3;

    - баға ұсыныстарын сұрату – 0;

    - негіздемелік келісім қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі – 0.

Шарттар жасасу кезінде Тараптардың бірі екіншісіне бақылайтын немесе әсер ететін байланыс анықталмайды.

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану мәселелері бойынша:

Мәслихат аппаратының Регламентіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді дамыту Мәслихат Аппаратының құзыретіне жатпайды.

Мәслихат аппаратында ақпараттық-технологиялық, нормативтік-құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

- электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ) арқылы құжаттарды дайындау, келісу және тарату;

- аудан мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП)  арқылы мемлекеттік тіркеу;

- «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі кадр мәселелері бойынша жұмыс.

Аталған ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде олармен жұмыс істеуде бұзушылықтар мен кемшіліктер байқалмады.

9) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша:

Аталған кезеңде Мәслихат аппаратына – 58 өтініш түсті, жеке қабылдау саны – 53, наразылық (шағым) саны   - 0.

Аудан мәслихаты депутаттарына депутаттық сауалдар дайындауға көмек көрсетілді. 2025 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында 79 депутаттық сауал дайындалып, жолданды.

Келіп түскен өтініштер әртүрлі сипатта болды, бұл ретте олар заңнамаға сәйкес не мәселені түсіндіру және оң шешу жолымен қаралды және шешілді. Барлық өтініштер азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (e.Otinish) арқылы белгіленген тәртіппен тіркелген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша тиісті жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері Мәслихат аппараты басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өткен жөн.

Аудандық БАҚ-та, Мәслихат аппаратының сайтында және стендінде мәслихат төрайымының, депутаттардың және Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдауы туралы кесте орналастырылған, сондай-ақ тоқсан сайын сенім телефоны туралы мәліметтер орналастырылады.

Мәслихат аппаратында ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың құқықтық нормаларын, сондай-ақ мәслихат аппаратының функционалдық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, түсіндіру бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі.

Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты келеңсіз материалдарды анықтау бойынша аккаунтарға («Однокласники», «Facebook», «Instagram», «Tik Tok» тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Көрсетілген мерзімде халық тарапынан мемлекеттік қызметшінің қызметіне нұқсан келтіретін жағымсыз материалдар немесе ақпарат анықталған жоқ, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Аппарат басшысы, Мәслихат аппаратының әдеп жөніндегі өкілі Г.Қ. Жаңбыршинамен Әдеп кодексін сақтау бойынша үнемі семинарлар өткізіліп тұрады.

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында қызмет этика нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы        іс-қимыл, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзудың алдын алу мәселелері бойынша екі рет түсіндіру семинары өткізілді. Мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет салаларындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша 1 жеке консультациялық көмек көрсетілді.

Осы талдау барысында Мәслихат аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Қорытынды: жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ұйымдастыру-басқару қызметінде және Мәслихат аппаратының ведомствоішілік жұмыс істеуіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдануда жұмыс тобы қорытындыға келді:

- Мәслихат аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;

- Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар жоқ.

Ұсынымдар:

  1. Мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және мәслихат функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне тұрақты негізде мониторингті жүзеге асыру.
  2. Мемлекеттік органның функцияларын тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін уақтылы зерделеу және заңды түрде қолдану.
  3. Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты жұмыс жүргізу.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүйелі түрде жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын түзету.

   

    Жұмыс тобының төрайымы                                                    Г. Жаңбыршина

    Жұмыс тобының хатшысы                                                      Г. Молдағалиева

     Жұмыс тобының мүшелері                                                     Р. Садыков

                                                                                                        Н. Киряш

                                                                                                        Н. Бойко  

Таныстым

Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы

_________ Л. Топорова

«____» 20  ___ж.  _________      

 

Дата публикации
13 марта 2026