2025 жылғы Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесі құрылды.
Қоғамдық кеңестің құрамына қоғам өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бизнес өкілдері кірді.
Жалпы Қоғамдық кеңес 15 адамнан тұрады, оның ішінде 7 әйел, 8 ер адам. Қоғамдық кеңес мүшелерінің орташа жасы – 49 жас.
2025 жылы Қоғамдық кеңес қызметі аясында 17 отырыс өткізілді, оған барлығы 384 адам қатысты. Отырыстарда өзекті мәселелер қаралып, әртүрлі бағыттар бойынша 40 ұсыныс қабылданды.
Осы кезеңде Қоғамдық кеңесте 20 НҚА жобасы қаралды. Қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарының, ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.
Отырыстарда қаралған негізгі мәселелер:
- Аудандық бюджетті бекіту туралы;
- Жамбыл ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, тазалау және бағасы туралы;
- Жамбыл ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы;
- «Жамбыл Ақжол» ЖШС техникасының жағдайы, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау, ТКШ теңгеріміндегі үйлердің жай-күйі мен күтімі, жергілікті маршруттарды және ауылдарды сумен жабдықтауды субсидиялау туралы;
- Жамбыл ауданында инватакси қызметін ұйымдастыру туралы;
- Преснов ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жетістіктері мен мәселелері туралы;
- Бөлімдердің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы туралы;
- Жамбыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, мөлшерлерін белгілеу және тізбесін айқындау туралы;
- Жамбыл ауданының жергілікті бюджеті есебінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу туралы;
- Жамбыл ауданында 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
- 2026–2030 жылдарға арналған Жамбыл ауданының даму жоспарын бекіту туралы;
- Мәселелер және оларды шешу жолдары (жасанды кедергілер, базардағы стихиялық сауда, қаңғыбас иттер мәселесі, ішімдік және жастар, жол белгілерін орнату, автокөліктерде зауыттық емес шамдарды пайдалану, мопедтерді тіркеу және т.б.);
- Жамбыл ауданының Пресновка ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
2025 жылы проблемалық мәселелер де орын алды:
Стихиялық сауда, инватакси қызметін ұйымдастыру, елді мекен ішіндегі жолдар мен балалар ойын алаңдарын жөндеу. Осы мәселелердің барлығы бойынша Қоғамдық кеңес тиісті ұсынымдар беріп, бақылауға алды.
Қоғамдық кеңес жанынан үш комиссия жұмыс істейді:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша;
экономикалық мәселелер бойынша;
әлеуметтік мәселелер бойынша.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, халықты Қоғамдық кеңестің қызметі туралы хабардар ету мақсатында Жамбыл ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында «Қоғамдық кеңес» бөлімінде өткізілген отырыстардың қорытындылары мен қаралған мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарлары туралы қысқаша ақпарат орналастырылады.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Р. Садыков