2026 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ Этика жөніндегі уәкілетті тұлғасының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

«БЕКІТЕМІН»

Жамбыл ауданы мәслихат аппаратының басшысы,

Этика жөніндегі уәкілетті тұлға

_______________Г. Жаңбыршина

«____»_________________ 

 

2026 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ Этика жөніндегі уәкілетті тұлғасының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

№

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Аяқталу

нысаны

1.     Консультативтік көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу

1.1

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету

Тұрақты түрде

СҚО мәслихатының аппаратына тоқсан сайын есеп беру

1.2

Мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды Этика жөніндегі уәкілетті тұлғаның функцияларына жатқызылған мәселелер бойынша жеке қабылдау

Әр сәрсенбі сайын, сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін

Қабылдау өткізу

1.3

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мәселелері бойынша Жамбыл ауданы мәслихаты аппаратының қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізу

Тұрақты түрде

Тоқсан сайын, өткізу қажеттілігі туындауына қарай

1.4

Аудан мәслихаты аппаратының қызметкерлері үшін мүдделер қақтығысына жол бермеу және оны реттеу мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу

Тұрақты түрде

Хаттама

1.5

Этика жөніндегі уәкілетті тұлғаның азаматтарды қабылдауы және сенім телефоны туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында және аппараттың интернет-ресурсында жыл сайын орналастыру

Тоқсан сайын

Аппараттың интернет-ресурсында орналастыру

2.                Қызметтік әдеп нормаларының, сондай-ақ нормативтік актілерде белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау

2.1

Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне анонимді сауалнама жүргізу

Тоқсан сайын

Моральдық-психологиялық ахуалды талдау

2.2

Мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін фактілерді (оқиғаларды) анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунттарындағы теріс сипаттағы жарияланымдарды анықтау мақсатында танымал әлеуметтік желілерге (Facebook, Instagram, Telegram және т.б.) мониторинг жүргізу

Тұрақты түрде

Ақпарат

2.3

Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оларға теңестірілген тұлғалардың заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына мониторинг жүргізу

Тұрақты түрде

Хаттама

2.4

СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімдерін аппарат семинарларында қарау

Келіп түсуіне қарай

Хаттама

2.5

Аудан мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

Өтініштердің келіп түсуіне қарай

Жауап беру

 

2026 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ Этика жөніндегі уәкілетті тұлғасының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Дата публикации
02 сентября 2026