Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру
жөніндегі жұмыс топ отырысының
ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ
13 қаңтар 2025 жыл №1 Жалағаш кенті
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне мемлекеттік органнан өкілдік етуге Сүлейменов Ғани Кенжеғараұлы жіберілгені ескерілсін.
Жұмыс тобының мүшелігіне төмендегі азаматтар сайлансын:
- Алиев Садық;
- Досымов Қайрат Алмасұлы;
- Кенжебаев Ахан Алтынбекұлы;
- Төребек Нұрсұлтан Қайратұлы.
- Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы болып Алиев Садық белгіленсін.
- Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы - 12 мүше болып айқындалсын.
- Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы хаттамалық шешім Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының ресми интернет- ресурсында жариялансын.
Топ басшысы С.Алиев