ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 25 қыркүйекте Қоғамдық кеңес кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берді.
📌 Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
2026 жылғы 25 қыркүйекте сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының алпыс үшінші кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия барысында аудандық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіне:
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы шешімге енгізілген өзгерістерді бекіту;
аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы шешімге енгізілген өзгерістерді бекіту мәселелері енгізілді.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жақсы аудандық мәслихатын
«Қазың депутаттары мен аудан тұрғындарының назарынаақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылы 30 қыркүйек күні сағат 15:00-де Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған алпыс төртінші кезектен тыс сессиясы өтетінін хабарлаймыз.
Сессияның негізгі сұрақтары:
«Жақсы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес2026 жылы 25 қыркүйек күні сағат 11:00-деЖақсы аудандық мәслихатының сегізіншішақырылғаналпыс үшінші кезектен тыс сессиясы өтетінін хабарлаймыз.
Сессияның негізгі сұрақтары:
1. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы
2. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-3 «Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті 61-сессиясы өтті
2026 жылғы 14 қыркүйекте Жақсы ауданында сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті алпыс бірінші сессиясы өтті.
Сессия барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
1.Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
2.Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметі және 2026 жылғы егін жинау науқанының барысы туралы;
3.2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, абаттандыру және аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын абаттандыру және күтіп-ұстау туралы;
4.«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу, «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту, сондай-ақ алдағы кезекті сессияның негізгі мәселелерін айқындау жөніндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысында көтерілген мәселелер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылы 15 қыркүйек күні сағат 10:00-де Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған алпыс екінші кезектен тыс сессиясы өтетінін хабарлаймыз.
Сессияның негізгі сұрағы:
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-52-1 «2026-2028 жылдарға арналған Жақсы ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылы 14 қыркүйек күні сағат 10:00-де Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған алпыс бірінші кезекті сессиясы өтетінін хабарлаймыз.
Сессияның негізгі сұрақтары:
Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі және 2026 жылғы егін жинау науқанының барысы туралы.
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, абаттандыру және аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын абаттандыру және күтіп-ұстау туралы.
2026 жылғы 12 тамызда Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезектен тыс 59-сессиясы өтті.
Сессия барысында күн тәртібіндегі 10 мәселе қаралып, барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, маңызды мәселелердің қатарында:
1. Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-52-1 «Жақсы ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу, жер комиссиясының құрамын және ол туралы Ережені бекіту, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Сессия қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.
Жақсы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
2026 жылғы 12 тамызда Жақсы ауылында Жақсы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 3 маңызды мәселе қаралды.
1. Подгорное ауылында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану, сондай-ақ атқарушы органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылы туралы.
Аталған мәселе бойынша Подгорное ауылының әкімі Г.Қ.Мәжитова баяндама жасады.
2. Мәдениет және спорт салаларын дамытудың кешенді жоспарының іске асырылу барысы және Орталық кітапхана жүйесінің жұмысы туралы.
Мәселе бойынша Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.С. Торткарина ақпарат берді.
Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, тиісті қаулылар қабылданды.