Сегізінші шақырылған Жақсы
аудандық мәслихатының
кезектен тыс елу бесінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-52-3 «Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина