Аудан аумағында табиғи
және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың
алдын алу және оларды жою,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі жұмыстарды
жоспарлау және жүргізу
барысы туралы
Жақсы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Д. М. Шурманбаевтың есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары бөліммен белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ұйымдастырушылық және инженерлік іс-шаралар кешені іске асырылды: су тасқыны кезеңіне дайындық жоспары әзірленді, су тасқыны жағдайында арналған күштер мен құралдардың дайындығы қамтамасыз етілді, оның ішінде нұсқаулықтар мен жадынамаларды таратуды жұмыстары жүргізілуде.
Өрт қауіпсіздігі саласында өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту жүзеге асырылады: екі өрт сөндіру пункті ашылды, оларды жарақтандыру және жұмыс істеу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жалпы жүргізіліп жатқан жұмыстар оң сипатқа ие және аудан халқының қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру мақсатында жалғастырылатын болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмысты жалғастыру, гидрологиялық ахуалға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындық деңгейін сақтау, сондай-ақ халық арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
- ауданның материалдық-техникалық базасын және өртке қарсы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды жалғастыру.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина