Жақсы аудандық
мәслихаты төрағасының
2025 жылғы аудандық
мәслихаттың қызметі
туралы есебі
Жақсы аудандық мәслихаты тарапынан есепті кезеңде белгілі бір жұмыстар атқарылды. Бекітілген жоспарға сәйкес кезекті және кезектен тыс сессиялар өткізіліп, олардың барысында тиісті нормативтік құқықтық актілер мен шешімдер қабылданды.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, олардың нәтижелері бойынша қызметтің тиімділігін арттыруға және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Мәслихат депутаттары аудан тұрғындарымен жүйелі түрде өзара байланыс орнатып келеді: ауылдық округтерде көшпелі кездесулер өткізеді, азаматтарды жеке қабылдайды, сондай-ақ депутаттық сауалдар жолдайды. Бұл сауалдардың басым бөлігі оң шешімін табуда. Сонымен қатар, депутаттар ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыруға және қолдауға қатысу арқылы өңірдің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Мәслихат қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс туралы ақпарат ресми сайтта және Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде жарияланады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген өз өкілеттіктері мен құқықтарын тиімді пайдалану;
- депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асырудағы белсенділікті арттыруға, сайлауалды бағдарламалардың орындалуына қол жеткізу;
- сайлаушылармен байланысты нығайтып, азаматтарды тұрақты түрде қабылдау жүргізу.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина