Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
елу үшінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті елу үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі.
- Аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және жүргізу барысы туралы.
- Жақсы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
- Жақсы ауданының мәслихаты 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С-24-3 «Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 наурыздағы № 8С-40-1 «2025-2029 жылдарға арналған Жақсы ауданындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 8С-5-7 «Жақсы ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 8С-46-1 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина