Жақсы аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
16 қаңтардағы № 7ВС-46-3
«Жақсы аудандық мәслихатының
депутаттарын сайлау жөніндегі
бірмандаттық аумақтық сайлау
округтері бойынша аудандық
сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы»
шешіміне енгізілген өзгерістерді
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағы 2 бөлімі 3) тармақшасына , Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 қазандағы № 42/30, 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 45/32 қаулыларына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№ 4 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Светлана Петровна Яваева өз еркімен атқаратын міндеттерінен босатылсын.
№ 6 округтік сайлау комиссиясының төрайымы Асылайм Серікқызы Нұрмұханованы атқаратын міндеттерінен аудан шегінен шығуына байланысты босатылсын.
№ 10 округтік сайлау комиссиясының хатшысы Сәуле Ахатқызы Әділшынованы атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 4 округтік сайлау комиссиясының құрамыына Фэрида Серікқызы Жұманова
№ 6 округтік сайлау комиссиясының құрамына Мөлдір Балғабайқызы Бақтыбаева енгізілсін.
№ 10 округтік сайлау комиссиясының құрамына Асем Жомартқызы Байгарина енгізілсін.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина