Жақсы аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
26 желтоқсандағы № 8С-19-2
«Жақсы ауданының учаскелік
сайлау комиссияларын
сайлау туралы»
шешіміне енгізілген
өзгерістерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының 2-бөлімі 1), 3) тармақшаларына сәйкес және Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 45/32, қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№ 459 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Галина Петровна Измайлованы атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 468 учаскелік сайлау комиссиясы хатшысы Қымбат Саматқызы Қажымұратованы атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 470 учаскелік сайлау комиссиясы хатшысы Олжас Айтанұлы Құсайыновты атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 479 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Шолпан Қалдығарқызы Кенжалинаны атқаратын міндеттерінен өз еркімен босатылсын.
№ 459 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Василий Васильевич Васько енгізілсін.
№ 468 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Гүлмира Шамұханқызы Сауленова енгізілсін.
№ 470 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Роза Жұмағұлқызы Қасықпаева енгізілсін.
№ 479 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Динара Каримқызы Сауашева енгізілсін.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина