Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
елу бірінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті елу бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2026 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-39-1 «2025-2027 жылдарға арналған Жақсы ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 8С-46-1 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-3 «Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған аппаратының құрылымы мен штатын, қызметін қамтамасыз етуге және ұстауға арналған шығыстарды бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина