Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-38-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 8С-38-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-38-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204760 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2586467,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1291484,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 32446,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7870,8 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1254665,6 мың теңге;

2) шығындар – 2567764,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 31082 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 49150 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 18068 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 12378,8) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12378,8 мың теңге.»;

6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «6. 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

         көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                          А. Бралина

 

Дата публикации
03 декабря 2025